Бағдат Мусин президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
“Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды”, – делінген өкімде.
Мусин бұл қызметке осы жылдың наурызында тағайындалған еді. Бұған дейін мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергеновты қызметінен босатты.