Тоқаев зейнетақы қорындағы ақшаны анағұрлым белсенді пайдалануға болады дейді

Тоқаев зейнетақы қорындағы ақшаны анағұрлым белсенді пайдалануға болады дейді
Қасым-Жомарт Тоқаев қайтарымы жоғары стратегиялық жобалар үшін Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан нарық шарттарына сай «ұзақ мерзімге берілетін» қаржыны анағұрлым белсенді тартуға қолдау танытты. «Банктердің, корпорациялардың, орталық және жергілікті билік органдарының жыл сайынғы жарнасы есебінен қаржыландырылатын мұндай қорлар бірқатар елде өз тиімділігін көрсетті. Сондай-ақ экономикалық қайтарымы жоғары стратегиялық жобаларды жүзеге асырған кезде Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан нарық шарттарына сай «ұзақ мерзімге берілетін» қаржыны анағұрлым белсенді тартуға болады», – деді Тоқаев.