Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты деп хабарлайды Ақорда. Отырыс Душанбе қаласында өтті. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин (бейнебайланыс режимінде), Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян, сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Зась шағын құрамда кездесу өткізді, содан кейін келіссөз делегациялар мүшелерінің қатысуымен жалғасты.