Еліміздің 9 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазгидромет мамандарының болжауынша, Ақмола облысында бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді. Дәл осындай ауа райы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында күтілуде. Ал Түркістан мен Жамбыл өңірінің тау бөктерінде және Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарынынң кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.