Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының жартыла финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz. Олимпиаданың ширек финалында қазақстандық теннисші әлемнің тоғызыншы нөмірлі ракеткасы испаниялық Гарбинье Мугурасамен кездесіп, жеңіске жетті. Есеп – 7:5, 6:1. Ойын бір сағат отыз төрт минут болды. Енді жартылай финалда отандасымыз әлемнің жетінші нөмірлі теннисшісі швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.