Трамп Қытайдан өзге елдерге тарифтердің енгізілуін 90 күнге кідіртті. “75-тен астам елдің ешқайсысы Құрама штаттарға қарымта қайтарған жоқ. Сондықтан мен Қытайдан өзге елдерге енгізілетін тарифтерді 90 күнге кідірте тұруға және осы аралықта оның мөлшерін 10%-ға дейін төмендетуге жарлық бердім”,- деп жазды Трамп әлеуметтік желіде. Ал Қытай тауарларына салынатын салық одан әрі артпақ. Трамп мәлімдемесінде «әлемдік нарыққа құрметсіздік танытқаны үшін», Қытайдан әкелінетін тауарларға бағытталған тарифтің мөлшерін 104%-дан 125%-ға дейін көтеретінін мәлімдеді.