Трамп Зеленскийді кінәлап оны орнынан алып тастауға шақырды

Трамп Зеленскийді кінәлап оны орнынан алып тастауға шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабия астанасы Эр-Рияд қаласында Украинадағы соғысты тоқтату бойынша Ресеймен өткен келіссөзден кейін Украинаға сын айтып, Киевтің процестен шет қалуына наразылық білдіргеніне көңілі толмайтынын жеткізді. Бұл туралы ВВС-дің орыс қызметі жазды. «Мен олардың келіссөздерге қатыса алмағанына ренжігенін естідім. Бірақ оларда бұл мүмкіндік үш жыл бойы және одан да бұрын болды. Бұл мәселені өте оңай шешуге болатын еді», – деді ол Флоридадағы резиденциясында BBC тілшісінің сұрағына жауап беріп. Трамп сондай-ақ Владимир Зеленскийдің рейтингі «4%-ға дейін төмендеді» деп мәлімдеп, елде сайлау өтуі керек екенін айтты.