Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев осылай деп мәлімдеді. “Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің төтенше жағдай кезінде жұмыс орындарын тастап кету, өкілеттіктерін асыра пайдалануы бойынша Қылмыстық кодекске жаңа бап енгіздік. Онда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген”, – деді бас прокуратура өкілі. Айта кетейік, Қазақстанда тәртіп сақшыларының жауапкершілігін арттыру жоспарланып отыр. Парламент мәжілісінде “Әскери полиция органдары туралы” заң жобасы қаралып жатыр.