Бұл туралы бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. “Төрт жыл ішінде артық төлемдер өздерінің сенімді адамдарының карточкаларына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырып, ұйымдастырушыларға беріліп отырды. Айыпталушы сотқа тартылды” – делінген хабарламада. Көлік прокуратурасы мұндай ұрлыққа тосқауыл қою үшін ұлттық оператордың атына қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау, бухгалтерия қызметкерлерінің негізгі іс-әрекеттерін цифрландыру және осы саладағы жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны үшін кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізді”, – деп толықтырды ведомство.