Министрлік қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады. Орман өртін сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінен, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдар мен Қорғаныс министрлігінен 1800-ден астам адам, 350-ге жуық техника жұмылдырылған. Аэровизуалды барлау нәтижелері бойынша өрт Каштак орманынан Семей қаласына қарай бағыт алып, жоғары өрбігені байқалады. Қазіргі уақытқа дейін жедел желіге 150 қоңырау түсті. ТЖД жедел желі телефоны: 8 722 235 38 31.