ТЖМ: ұшақ экипажының үш мүшесі қаза болған
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза болған 38 адамның сүйегі медициналық сараптама орталығына жеткізілді, солардың арасынан 7 адамның сүйегі анықталды деп хабарлады. Қазаға ұшырағандар қатарында Қазақстанның алты азаматы мен экипаждың үш мүшесі бар деді ТЖМ. 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға жолаушы апара жатқан Azerbaijan Airlines компаниясының ұшағы Ақтау маңына құлаған. Әуе компаниясының дерегінше, ұшақта экипаждың бес мүшесі болған. Сәрсенбіде оның екеуі апаттан қаза болып, үшеуі тірі қалған деп айтылған еді. Ұшақ апатынан 29 адам аман қалған, оның ішінде 3 бала бар.