Бұл туралы Владимир Зеленский Telegram арнасында жариялаған видеоүндеуінде айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Украина президенті ұлтқа үндеуінде “Украина соғыс жолын таңдаған жоқ, бірақ Украина бейбітшілік жолына оралуды ұсынады”, – деді. Бұған дейін Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастағаны хабрланған болатын. Жергілікті тұрғындар да Ресей мен Украина шекарасындағы бірқатар қалада жарылыс болғанын айтты. Кейін Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді.