Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді. Польша және Молдовамен шекаралар эвакуация үшін ашық. “Біздің елшілік шекарадан өткен кезде көмек көрсетеді. Елшілік толық эвакуациялай алмайды. Біріншіден, Украинадағы қазіргі жағдайда біз дипломатиялық қызметкерлеріміздің өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіре алмаймыз. Дипломаттардың көпшілігі қазір Варшаваға қайта орналастырылды. Олар өз қызметін сол жерден жүргізеді”, – деді Тілеуберді. Ол Киевте Қазақстанның консулы қалғанын, ол қазір Украинада жүрген азаматтарымызды күнделікті қабылдайтынын түсіндірді.