Режим 30 күнге созылады деді Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшысы Алексей Данилов. Бірақ қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін. Ол төтенше жағдай режимінің Беларусь пен Ресей шекарасына қаншалықты жақын орналасқанына байланысты жеңіл немесе қатаң болатынын жеткізді. Даниловтың айтуынша, мұндай шара елдегі тыныштықты сақтау үшін қабылданып отыр. Ол бұл шараны украиналықтардың қалыпты өміріне еш әсер етпейді деп сендірді.