Украинадағы соғыс бір тәулікте емес, алты айда аяқталуы мүмкін

Украинадағы соғыс бір тәулікте емес, алты айда аяқталуы мүмкін. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп осылай деп мәлімдеді. “Алты айдан әлдеқайда ерте аяқталса деймін. Ресей де, Украина да көптеген азаматынан айрылып жатыр. Мұндай шайқас басталмауы керек еді. Мен президент болып тұрғанда мұндай соғыс болмас еді деп ашып айта аламын”, – деді Трамп. Сайлау қарсаңындағы саяси науқан барысында Трамп соғысты президент қызметіне кіріскен алғашқы тәулікте-ақ аяқтауға уәде берген. Енді ол бір тәулік неге жарты жылға ұлғайғанын түсіндіріп жатпады. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы ақпанның 24-і Ресей әскері Украина аумағына басып кіргенеді. Бүгін Украина мен Ресей арасындағы соғыстың басталғанына 1050 күн болды.