Отандық автокөліктерге 4 процентпен жеңілдетілген несие берудің нақты тетігі 2 аптадан соң белгілі болады. Ал утильдік алымға жасалатын 50 пайыздық жеңілдік мамыр айында қолданысқа енуі мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі осылай деді. Марат Қарабаев, тиісті құжатты сәуір айының ортасына дейін әзірлеу үшін жауапты органдар барын салатынын жеткізді. Сондай-ақ, утиль алым отандық автокөлік бағасына еш әсер етпейді, – деді. Былтыр жыл басынан бері қазақстандық темір тұлпар бағасы 8,7 пайызға қымбаттаған. Импорттық көлік құны 9 пайызға өскен.