Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ сотталды. Алаяқтың құрығына іліккен 70-тен астам азаматтың туристік жолдамалары жойылып, қаржылық шығынға ұшыраған. Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, кінәлі тұлға әуе билеттерін нарықтағыдан төмен бағамен ұсынған. Ол шынайы билеттердің орнына жалған маршруттық түбіртектерді берген. Жалпы материалдық шығын 17 млн теңгеден асты. Алаяқ әйел 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы туристік қызмет ұсынатындарға төлем жасамастан бұрын құжаттарды мұқият тексеру қажеттігін ескертеді.