VIP нөмірлердің жаңа бағасы қандай

Қазақстанда көлік нөмірлерін өз қалауы бойынша таңдайтын жүргізушілерге арналған жаңа тарифтер енгізілмек. Бұл өзгеріс Салық кодексіндегі жаңа жобаға сәйкес жүзеге асады. Мәселен, қарапайым VIP нөмірдің құны — 224 мың теңге, ал әріптері де бірдей болса, бұл баға 538 мың теңгеге дейін көтеріледі. Үш бірдей сан мен әріптен тұратын нөмірлер 762 мың теңге тұрса, ерекше комбинациялар үшін баға 1 миллион 120 мың теңгеге дейін жетеді. Симметриялы сандар үшін 58 980 теңге, ал оған бірдей әріптер қосылса — 283 мың теңге төлеу қажет. Ал өз қалауыңыз бойынша сандар мен әріптерді таңдау 39 320 теңгеге бағаланып отыр.