Билік елде егу кампаниясы басталғанын 2 желтоқсанда хабарлаған. Бірақ ол кезде мәселе “жаппай” емес, “кең ауқымды” вакцина салу төңірегінде болған. “Кең ауқымды вакцинациядан жаппай егуге көшуіміз керек” деді үкімет мүшелерімен онлайн-жиналыс өткізген Путин. Ол үшін инфрақұрылымды да дайындықтан өткізу қажеттігін алға тартты. “Құдайға шүкір, біз әзірлеген вакцинаны тасымалдау үшін минус 50, минус 70 градус сияқты ерекше жағдай қажет жоқ. Бізде бәрі қарапайым әрі тиімдірек жұмыс істейді” деді Путин.