Қылмыскерлерді ұстауға көмектескен азаматтар марапатталады. Олар бағалы сыйлықпен, қаржылай сыйақымен ынталандырылады. Алғыс хат табысталады. Көшеде күдікті әрекетті байқап, дер кезінде полицияға хабарлағандар сыйлыққа ие болуы мүмкін. Жаңа заң жобасында осындай норма енгізілмек. Марапаттау рәсімі үшін әкімдіктер жанынан арнайы комиссиялар құрылмақ. Олар үміткерлерді іріктеп, сыйақыны табыстау ісімен айналысады. Алайда қоғамдық көмекшілерге тұрақты жалақы қарастырылмаған.