Қылмыстық топ өзбек-қазақ шекарасында туннель арқылы заңсыз мұнай тасымалдаған. Туннель ұзындығы 450 метрге тең. Туннель арқылы күн сайын бес-жеті тонна жанар-жағармай материалдары контрабандалық жолмен шығарылған. Қылмыстық топ екі ай бойы осындай заңсыз әрекеттермен айналысқан. Бірнеше құқық қорғау органының бірлесе ақтқарған жұмысының нәтижесінде қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Мұнай өнімдерін контрабандалауға арналған туннель жойылды. Сонымен қатар көрші мемлекеттен экспортталған жанармайдың ақша аудару схемасы анықталды. Трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері Қазақстан аумағында да, Өзбекстан аумағында да ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.