Қырғызстан парламентінің спикері Қанат Исаев отставкаға кетті. Бұл туралы ол бүгін “Ала-Арча” мемлекеттік резиденциясында өткен отырыста мәлімдеді. Ол президент сайлауына қатысатынын айтты. Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауының қорытындысына келіспегендер жаппай наразылық білдірді. Митингіге шыққандар қарулы күш өкілдерімен қақтығысқаннан кейін оппозициялық партиялардың жақтастары парламент ғимаратын басып алған еді.