Қырғызстан президенті Тоқаевқа көңіл айтты. “Адам өліміне әкеп соққан жарылыс туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қырғыз Республикасы халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қайғылы оқиғаларға байланысты зардап шеккендер тезірек сауығып кетуін тілеймін. Біз орны толмас қазаның қайғысын бірге бөлісеміз”, – делінген Мемлекет басшысының жеделхатында. Айта кетейік, Жамбыл облысындағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 5-ке жетті.