Сооронбай Жээнбековтің президенттіктен кету шешімі туралы мәлімдемесінен кейін митингіге шыққандар Жогорку Кенешті (Парламент) таратуды талап ете бастады, – деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Ақпарат бойынша, шерушілер ел басшысы отставкаға кетуі үшін мемлекеттік резиденция маңындағы “Ыстық-Көл” қонақүйінің алдында жиналған.
Алаңға жиналғандар президент Сооронбай Жээнбековтың отставкаға кетуі туралы жаңалықты естігенде қол шапалақтады.
“Қымбатты менің отандастарым! Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, елдің тұтастығы, халқымыздың бірлігі және қоғамдағы тыныштық бәрінен жоғары. Мен үшін әрбір отандасымның өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын. Ешбір билік еліміздің тұтастығы мен қоғамдағы келісімге тұрмайды. Алла тағала бәрімізді сақтасын, жерімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!” – деді Жээнбеков.