Қырғызстанда президентті жоғалтып алды

Қырғызстанның ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Курсан Асанов қазір президент Сооронбай Жээнбековтің және әлі күнге дейін отставкаға кетпеген ішкі істер министрі Қашқар Жүнісәлиевтің қайда екенін білмейді, – деп хабарлайды 24.kg.

Бұл туралы ол бүгін Бішкекте өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бергенде хабарлады.

“Шындығында, мен қазір Бішкекте тәртіп орнату мәселелермен айналысып жатырмын. Өздеріңіз көріп отырғандай, кешеден бастап еріктілермен бірге қаладағы жағдайды бақылауға алып, елді тонауға жол бермедік. Біз осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырамыз. Жээнбековты және басқаларды іздестірумен өзге құрылымдар айналысады деп ойлаймын”, – деді Курсан Асанов.

“Бізге оның орналасқан жері белгісіз. Оны іздеп жатқанымыз жоқ, қазір басқа жұмыс көп. Ең бастысы – тәртіп орнату”, – деп жазған РИА Новости Асановтың сөзін.