Қырғызстанның Ыстықкөл облысы селден зардап шекті. Шамамен 500 тұрғын үйге су кірген. Үш әлеуметтік мекеме – балабақша, фельдшер-акушерлік пункт, кітапхана, сонымен бірге бірнеше пансионат пен демалыс орны бұзылған. Құтқарушылар селдің салдарын жоюға күш салып жатыр. Тамыздың 18-нен 19-на қараған түні Ыстықкөл облысының бірқатар ауылында қатты жаңбыр жауып, нәтижесінде сел болды. Ел билігі Ыстықкөл мен Тон аудандарында төтенше жағдай жариялады.