Қытай басшысы Джо Байденге ескерту жасады. Си Цзиньпин егер Байден Трамптың Қытайға қатысты саясатын жалғастыратын болса, соғыс басталады деп мәлімдеді әлемдік экономикалық форумда. “Соғыс ашу, бас тарту, біреуге қоқан-лоқы көрсету, қорқыту, санкция салу мен тауар жеткізуді тоқтату әлем дағдарысына әкеліп соғады. Ешбір ел өз бетінше әлемдік деңгейдегі мәселені шеше алмайды. Мәселені шешу үшін бөлінбеуіміз қажет”, – деді Си Цзиньпин. Ол Қытайдағы ұйғырлар мен Гонконгта болған оқиғаға байланысты Дональд Трамптың хатшысы Майк Помпеоның “геноцид жасады” деген айыптауын да қабылдамайтынын жеткізді.