Қытай билігі коронавирусты зерттеуге мүмкіндік бермей отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус осылай деп мәлімдеді. Ол Бейжің COVID-19-дың қалай пайда болғанын зерттеу үшін ұйым өкілдерін елге кіргізбей отырғанын айтты. «Мен Қытайдың жоғары ресми өкілдерімен сөйлестім. Маған Қытай ішкі процедураларды жеделдетіп жатқанын айтты”, – деді ұйым басшысы. Бұған дейін ДДҰ баспасөз қызметі халықаралық сарапшылар тобы қаңтарда Қытайға жаңа коронавирустың шығу себебін анықтайтыны хабарланған. Сарапшылар тобында Жапония, Катар, АҚШ, Германии, Вьетнам, Аустралия, Нидерланд, Ұлыбритания, Дания және Ресей мамандары бар.