Қытай билігі визалық саясатты жеңілдетті

Қытай билігі визалық саясатты жеңілдетті. Енді 74 елдің азаматтары Қытайға визасыз кіріп, 30 күнге дейін бола алады. Мақсат – туризмді дамыту, экономиканы жандандыру. Қытай COVID-19 шектеулерін алып тастағаннан кейін 2023 жылдың басында шекарасын қайта ашты. Алайда сол жылы елге тек 13,8 млн шетелдік келген. Бұл пандемияға дейінгі жылмен салыстырғанда екі есе аз. Визасыз тізімге кірмеген 10 елдің азаматтары Қытайға басқа елге ұшқан жағдайда 10 күнге дейін кіру мүмкіндігіне ие. Бұл ереже Қытайдағы 60 шекаралық бақылау бекетінде ғана қолданылады.