Қытай көліктері Қазақстан климатына бейімделмеген. Ел тұрғындары осылай деп шағымданып жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековке Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында масс-медиа өкілдері бұл шағымға қатысты пікірін білді. «Алдымен нақты қандай автокөліктер туралы айтылғанын анықтау керек, яғни белгісіз жолмен әкелінген көліктер ме, әлде Қазақстанда ресми түрде сатып алынған ба? Биыл екі зауытты іске қосу жоспарда бар. Жылына 100 мыңнан астам Changan, Haval және Chery маркалы автокөліктер шығарылады. Қытай брендтерінің көліктерін өндіру және олардың құрамдас бөліктерін жергіліктендіру көзделген. Әрбір өндіруші белгілі бір міндеттемені өз мойнына алады Өткен жылы кейбір компоненттер бойынша жергіліктендіру басталды, алдағы уақытта пластикалық бөлшектерді, орындықтарды, мультимедиялық жүйелерді өндіру жоспарланып отыр»,— деп жауап берді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі.