Қытайда коронавирус қайта өршіп, елде кейінгі тәулікте 115 науқастан коронавирус анықталып, 38 науқас коронавирустың 19 симптомсыз түрін жұқтырған, – деп хабарлайды РИА Новости. Қытайдағы коронавирус жағдайы туралы Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетте айтылды. Дереккөз мәліметінше, 115 науқастың 8-і сырттан келгендер болса, 107-сі – жергілікті тұрғындар. Пандемия басталғалы Қытайда 87 706 адамнан коронавирус анықталып, 82 288 адам жазылған. 4 634 науқас қайтыс болған.