Қытайдың Шәуешек қаласы мен Алматыны байланыстыратын халықаралық автобус бағыты іске қосылды. Аталған бағытты «Шынжаң Синта жолаушы тасымалы» жауапкершілігі шектеулі компаниясы жүзеге асырады. Автобус Шәуешек қаласынан аттанып, Бақты кедендік бекеті арқылы Қазақстанға өткеннен кейін, Алматыға жол тартады. Жаңа халықаралық бағыттың қашықтығы шамамен 900 шақырым, Шәуешектен шыққан автобус Алматыға 13 сағатта жетеді. Әзірге автобус аптасына екі рет қатынайды, алдағы уақытта жолаушылар ағыны көбейсе рейстер саны артады. Билет бағасы бір адамға 330 юань (шамамен 22,400 теңге). Шәуешек — Қытайдың солтүстік-батыс аймағындағы маңызды шекаралық қалалардың бірі.