Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында обамен ауырған тұрғын қайтыс болды

Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында обамен ауырған тұрғын қайтыс болды.Онымен байланыста болған 35 адам оқшауланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Зертханалық тесттер марқұм ішек обасымен ауырғанын көрсеткен.

Сарапшылар өлім себебі қан айналымы жүйесінің тозуы деген қорытындыға келген. Ал жергілікті билік эпидемиологиялық ескертудің үшінші деңгейін жариялаған. Елде аурудың таралуын болдырмау және бақылау үшін шаралар қабылданған. Сонымен бірге билік жергілікті тұрғындарды қырағы болуға, тазалықты сақтауға және қандай да бір белгілер пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырды.