Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қытайлық Vero Cell (Sinopharm) вакцинасының барлық аймаққа жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Өңірлерде вакцинаның қажетті көлемі бар. Екпені жеткізу жұмыстары кестеге сай атқарылып жатыр. Қазіргі кезде барлық аймаққа Қытайда жасалған Vero Cell вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Осы саладағы жұмыстар жалғасуда”, – деді Цой үкімет отырысында. Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентін салдырған адамдардың саны 6,1 миллион адамнан асты. Ал екінші дозаны 4,8 миллионнан астам адам алды.