Қызметтен кетуге дайынмын

Министр Ақтоты Райымқұлова орынбасарының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кету туралы өтініш беретінін айтты. “Ең алдымен, Конституция бойынша кінәсіздік презумпциясы бар екенін еске салғым келеді. Біріншіден, тағылған айып дәлелденуі керек. Егер оның кінәсі дәлелденсе, мен заңға сәйкес отставкаға кету туралы өтініш беремін”, – деді Ақтоты Райымқұлова. Айта кетейік, биыл ақпан айында мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны хабарланды. Шенеунікке букмекерлік қызмет саласындағы заңды тұлғаның өкілдерінен пара алды деген айып тағылды.