Ан-2 ұшағы “Қызылорда – Арал” бағыты бойынша санитарлық рейске шыққан. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, қону кезінде жеңіл мотролы ұшақта өрт пайда болған. Оқиға Арал елдімекенінен он шақырым жерде болды. “Бортта экипаждың екі мүшесі мен бір жолаушы болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық апаттарды тергеу департаменті оқиғаның себебін зерттейтін болады. Айта кетейік, ұшақ “Тараз Жаңа Әлем” жеке әуе компаниясына тиесілі.