Антикор Қызылордада білім беру саласында миллиондаған жымқыру фактісін анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жаңақорған аудандық Білім бөлімінің басшысы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар білім беру мекемелерінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.