Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жалақысы қанша екенін айтты

Облыс әкімінің сөзінше, биыл айлығы айтарлықтай өскен. “Менің жалақым 986 мың теңге деп бекітілген. Биыл факторлық-балдық жүйе бойынша 1,9-ға арттыру туралы шешім қабылданды. Бірақ мен 2 жылдай еңбек демалысын алмағандықтан, бірден еңбек демалысын алдым. Қазір соңғы жалақым 986 мыңды 1,9-ға көбейтсек, шамамен 1,8 млн теңге”, – дейді Гүлшара Әбдіқалықова. Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жалақысы қанша екенін хабарлаған едік. Шенеунік айына шамамен 1 миллион 900 мың теңге (4400 доллар) алады