ІІМ 10 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Бұл топ қалада криминогендік жағдайға ықпал еткен. Күдіктілер күзет қызметінде өздері ықпалын жүргізетін аумақтарды бөліске салу үшін бірнеше рет қылмыстық қақтығыстарға қатысқан. Ойын-сауық орындарында әдейі жанжал туғызып, сол орындардың иелерін өздерінің қамқорлығына өтуге мәжбүр еткен. Қылмыстық топтың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға, соның ішінде кісі өлтіруге оқталу, ауыр дене жарақаттары мен бұзақылық жасауға қатысы бар екені анықталды. 20-дан астам тінту шаралары жүргізілді, оқ-дәрілер, суық қару және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.