Қызылордада call-орталық іске қосылды

Қызылордада call-орталық іске қосылды. Орталық мамандары тұрғындардың эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтарына жауап береді. “Жастар” денсаулық орталығы жанынан құрылған жедел ақпарат қызметі тәулік бойы жұмыс істейді деп хабарлайды 24.kz.

14 қызметкер қоңырау шалушылардан бөлек, әлеуметтік желі арқылы да сауалдар қабылдап, кері байланыс орнатады. Көбіне ПТР анализ тапсыру тәртібі және COVID-19 жұқтырудың алғашқы белгілері мен таралу жолдары жөнінде сұрақтар түсіп жатыр. Тұрғындар орталық арқылы қандай дәрілерді қай дәріханадан табуға болады, қандай медициналық көмек, дәрілер тегін беріледі деген сұрақтарына жауап ала алады.