Бұл туралы Қызылорда қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді. 15 жастағы Арман Аманжолов төрт метрлік кәріз құдығына түсіп кеткен 2 жасар баланы аман алып қалған. Жасөспірімді қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Әбдібек Жаназаров қабылдап, құрмет грамотасы мен көрсеткен батылдығы үшін қол сағатын салтанатты түрде табыс етті. Арман Қызылордаға М.Ихсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне түсу үшін келген. Таңдаған мамандығы – электрик. Ол көпбалалы отбасынан шыққан жігіт.