Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілерге 2 млн теңгеге дейін өтемақы төленеді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әкімнің сөзінше, зардап шеккендерге қолдау көрсетіледі. “Жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алған құқық қорғау органдары мен медицина қызметкерлеріне, өрт сөндірушілерге өтемақы төленеді. Ауыр жарақат алғандар 2 миллион теңге, орташа жарақат алғандар – 1 миллион, жеңіл жарақат алғандар – 500 мың теңге алады”, – дейді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.