Өзбекстанда жемқорлыққа бейім мемлекеттік қызметкерлерді анықтау жүйесі енгізіледі

Өзбекстанда жемқорлыққа бейім мемлекеттік қызметкерлерді анықтау жүйесі енгізіледі. Мұны Өзбекстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің директоры Акмал Бурханов хабарлады. Оның айтуынша, елдік мәселемен айналысатын шенеуніктер ортасын қызметіне адал, жемқорлықтан ада азаматтармен жасақтау міндеті тұр. Сонымен қатар, жаңа жүйе адал кадрларды іріктеуге мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейік, жақында Өзбекстанда экономиканың дамуына селқос қараған 300-ге жуық шенeyнік жұмыстан босатылды. Одан бөлек, мемлекеттік қызметте жүріп, кәсіпкерлікпен айналысқан түрлі министрліктің 398 маманы жұмыстан шығарылған.