Қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін бір рет емес, бірнеше рет алуға рұқсат етіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
“Зейнетақы жинағын шешіп алу санына қатысты шектеу көзделмеген. Яғни, азаматтар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда зейнетақы жинағының бір бөлігін қайта пайдалана алады”, – деді Нұрымбетов.