Оның бағасы – 700 теңгеге дейін көтеріледі. Сарапшылар осылай деп дабыл қағуда. Қазақстандық құс өсірушілерге мемлекеттен берілетін субсидия толығымен тоқтатылады. Соның салдарынан жұмыртқа қымбаттайды. Сарапшылардың айтуынша, еліміздегі он құс фабрикасының жабылуы бағаның өсуіне ықпал етеді. Жабылу бизнестің рентабельділігінің төмендеуіне байланысты. Мемлекет құс өсірушілерді субсидиялаудан бас тартса, онда жұмыртқа екі есе қымбаттайды. Егер субсидиямен бір жұмыртқаның құны 35 теңгеден, субсиядиясыз 50 теңгеден басталатын болады.