Ол үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізілмек. Жыл соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылданады. “Қазіргі халықаралық ахуал Қазақстанға да әсер ететіні анық, бірақ заман қаншалықты күрделі болса да, біз бағдарымыздан айнымаймыз. Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды”, – деді Тоқаев. Мемлекет басшысы әрбір азаматтың Конституциялық құқығы мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеді. Маңызды шешімдер жұртшылық қатысуымен қабылданады.