Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осылай деп мәлімдеді. Жаңа өңірлер – Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары тұрғындарының қазір ұстап жүрген құжаттары жарамды. Министрдің орынбасары Бауыржан Омарбеков құжатты жоғалтқан немесе жаңартқан кезде, басқа жерге қоныс аударғанда жаңа мекенжай жазылатынын атап өтті.