13 шілдеде Қазақстанда 4375 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бұған дейін бір күнде осынша көп науқас тіркелмеген. Өткен аптадан бері коронавирустың рекордтық көрсеткіші қатарынан бірнеше күн үздіксіз жаңарып келеді. Елде індет өршіп тұр. 13 шілдеде Нұр-Сұлтанда 1128 адамнан коронавирус табылған. Індет басталғалы бері астанада алғаш рет бір күнде анықталған науқастар мыңнан асып кетіп отыр. Алматыда – 640. Кейінгі күндері адам өлімінің ең жоғары көрсеткіші де тіркеліп жатыр. 12 шілдеде 59 адам коронавирустан қайтыс болған: 53 адам – коронавирустан, 6 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп айтылады.