27 шілдеде Қазақстанда 6925 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бұл індет басталғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Одан бөлек, бір күнде 324 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясы мен адам өлімі көрсеткіші бойынша екі күн бұрынғы мәліметті жариялап жүр. 26 шілдеде 92 адам қайтыс болған: 81 адам – коронавирустан, 11 науқас коронавирус пневмониясынан көз жұмған. Қазір вирустың тарауы бойынша “сары аймақта” Түркістан облысы ғана қалған. Қалған облыстар мен қалалар – “қызыл аймақта” тұр. Вирус әсіресе, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, Қарағанды облысында күшейген.