Құтқару жалғасып жатыр. “Құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамды тірідей алып шықты. Олар ер адам, әйел және бала”, – делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. Құтқарылғандар мен медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы сегіз адам ауруханаға жатқызылды. “Үйінділерді тазартуға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылды. Құтқарушылардың ішінде кинологтар, Ұлттық ұлан сарбаздары, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем, полиция, еріктілер бар”, – деді ведомствоның баспасөз қызметі.